Тараз қаласында 2000-2001 жылғы жасөспірімдер арасында «Соса-Cola Былғары доп» турнирінің финалдық кезеңі өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».  
 
Финалдық кезеңде төрт топқа бөлінген 16 команда қатысты. Кейін 1-16 орындарды сарапқа салды. Финалда Тараз қаласының №36 мектебі мен Талдықорған қаласының №12 мектебі кездесті. Матч тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы  -№36 мектептің оқушысы Бекзот Ташходжаев.
 
Үшінші орын үшін Павлодар қаласының №25 мектебі мен Алматы қаласының№58 мектебі таласты. Бұл ойында 3:0 есебімен алматылық футболшылар жеңіске жетті.  
Турнир қорытындысы бойынша марапттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті Сейілда Байшақов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов және «Соса-Cola Былғары доп» жобасының өкілі Әлима Есембаева қатысты.
 
Турнир қорытындысы бойынша үздік аталымдар анықталды: қақпашы - Олег Медведев (№12 МГ, Талдықорған), қорғаушы – Никита Ерольский (№58 ОМ, Алматы), жартылай қорғаушы – Арман Кеңесов (№25 ОМ, Павлодар), шабуылшы – Бекзот Ташходжаев (№36 ОМ, Тараз), сұрмерген – Ертуған Төлеубеков (Аягөз ОМ, ШҚО), үздік ойыншы – Бақтияр Русланұлы (№36 ОМ, Тараз)
 
Турнир кестесі: 
1. №36 ОМ (Тараз)
2. №12 МГ (Талдықорған)
3. №58 ОМ (Алматы)
4. №25 ОМ (Павлодар)
5. №21 ОМ (Теміртау)
6. №7 ОМ (Жылыой ауданы, Атырау облысы)
7. №30 ОМ (Ақтөбе)
8. Явленская ОМ (СҚО)
9. №62 ОМ (Сайрам ауданы, ОҚО)
10. Құрық ОМ,(Маңғыстау облысы)
11. №56 ОМ (Астана)
12. Аягөз ОМ (ШҚО)
13. №3 ОМ (Қостанай)
14. №42 МГ «Ақ ниет» (Орал)
15. Байзақ ауданы ОМ (Жамбыл облысы)
16. Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы)