Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» өз алаңында қазандық «Ак Барспен» ойнады, деп жазады Proeports.kz.

Матч басталмай тұрып қазақстандық клуб Лиганың Шығыс конференциясында тоғызыншы орында болса, «Ак Барс» екі саты жоғары болды.

Қазақстандық команда буллит сериясында 3:2 ұтып, плей-оффта жолдама беретін орынға жақындады.

19 желтоқсанда «Барыс» сырт алаңда Нижнекамск қаласының «Нефтехимикімен» ойнайды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) - «Ак Барс» (Қазан, Ресей) 3:2 Б (2:0, 0:1, 0:0, 0:0, 1:0)