26-жастағы жартылай қорғаушы елордалық клубпен 1,5 жылдық келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Мұжықов кәсіби мансабын 2007-ші жылы талдықорғандық «Жетісу-2» клубында бастаған. 2008-2013 жылдар аралығында «Жетісу» намысын қорғады. Жалпы премьер-лигада 130 матч өткізіп, 12 гол соққан. УЕФА Еуропа лигасында «Жетісу» сапында гол соққан жалғыз ойыншы.
Естеріңізге сала кетсек, Мұжықов былтыр «Астана» сапында ел чемпионатын жеңген болатын.
Комментарии