6 желтоқсанда астаналық «Барыс» өз айдынында қазандық «Ак Барс» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Маусымдағы өзара үшінші кездесу алдында екі команда да азулы қарсыластармен күш сынасып, жеңіске жетті – астаналықтар уфалық «Салават Юлаевтан» басым түссе, қазандықтар – мәскеулік «Динамоны» тізе бүктірді. «Барыс» та, «Ак Барс» та жеңіс жолында қалғысы келеді, сондықтан бүгінгі матч тартысты болғалы тұр.
«Барыс» – «Ак Барс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:20-да басталады, ойынды мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.
Фото hcbarys.kz
Комментарии