Бразилия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Оңтүстік Кореядан басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финал жолдамасының тағдыры үзіліске дейін шешілді. 36 минут ішінде бразилиялықтар төрт гол тоғытып тастады.

7-минутта Винисиус Жуниор есеп ашты. Бес минуттан соң бас төреші пенальти пенальти белгілеп, Неймар нүктеден мүлт кетпеді. Артынша Ришарлисон есепті еселей алды. 36-минутта Лукас Пакета көзге түсті.

Екінші таймда корей футболшылары есеп айырмасын қысқарта алды. 76-минутта Бэк Сын Хо алыстан жойқын соққы жасап, гол соқты. Бірақ одан кейін корейлер де, бразилиялықтар да есепті өзгерте алмады - 4:1.

Бұл ойында Бразилия құрамасы әлем чемпионатының рекордын орнатты - мундиальде 113-матчін өткізді. Олар бұл көрсеткіш бойынша Германиядан (112 матч) озды.

Енді Бразилия ширек финалда Хорватиямен кездеседі.

ӘЧ-2022. 1/8 финал.

Бразилия – Оңтүстік Корея – 4:1 (4:0)

Голдар: Винисиус 7 (1:0), Неймар 13 (2:0), Ришарлисон 29 (3:0), Пакета 36 (4:0), Пайк Сенг Хо 76 (4:1)

Ескертулер: Юн Ву Ян 44

Төреші: Турпин (Франция)

6 желтоқсан. Доха. «974» стадионы.