«Черноморец» қақпашысы Дмитрий Непогодов жақында Украина премьер-лигасының турнирлік кестесінде көш бастап тұрған «Днепр-1» командасына ауысады, деп жазады Prosports.kz.

Дмитрий «Чорноморецке» 2022 жылдың жазында ауысқан.

Қақпашы мансабын «Марсельде» бастаған. Онда әлем чемпионы және Еуропа вице-чемпионы Стив Мандандамен бірге өнер көрсетті.

Францияда тәжірибе жинаған Непогодов Украинаға ауысты. Өз елінде «Металлург» және «Ворскла» клубтарының қақпасын қорғады.

2017 жылдан бастап Дмитрий Непогодов Қазақстанда «Тобыл», «Астана», «Ордабасы» клубтарында өнер көрсетті.

Екі жыл бойы Қазақстан құрамасының қақпашысы болды (11 кездесу).