«Авангард» хоккей клубы тараптардың келісімі бойынша Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дмитрий Шевченкомен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шевченко осы маусымда омбылық команда сапында 17 матчқа қатысып, 2 (1+1) ұпай жинады.

Хоккейші 2021/22 жылғы маусымынан бастап «Авангард» сапында өнер көрсетіп жүр, осы уақытта 40 матчқа қатысып, 3 (2+1) ұпай жинады.