4 желтоқсанда Әл-Хаурда футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Англия мен Сенегал кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл ойында ағылшындар 3:0 есебімен жеңіске жетті. 38-минутта Джордан Хендерсон есеп ашқан.

Хендерсон (32 жас 170 күн) Англия құрамасы сапында әлем чемпионатында гол соққан егде футболшылар тізімінде екінші орын алды. Рекорд Том Финниге тиесілі, ол 1958 жылғы мундиальде КСРО қақпасына 36 жасында гол соққан еді.