Қазақстандық спортшы Екатерина Айдова Квебекте (Канада) өтіп жатқан конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта Екатерина Айдова 1:16,191 секунд көрсеткішпен екінші орын алды.

Бұл сында оңтүстік кореялық спортшы Ким Мин Сон топ жарды.

1. Ким Мин Сон (Оңтүстік Корея) - 1:16.0662. Екатерина Айдова (Қазақстан) +0.133. Беатрис Ламарш (Канада) +1.33