«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасы аясында Санкт-Петербургте жергілікті «Зенитпен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ойында алаң иелері 88:66 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық клуб сапында ең көп ұпайды Майкл Майерс жинады, ол 17 ұпай еншіледі. Ал Даниил Аксенов 16, Олег Балашовта 10 ұпай жинады.

ВТБ Бірыңғай лигасы. 12-тур

«Зенит» — «Астана» 88:66 (23:22, 31:14, 18:15, 16:15).

Айта кетейік, «Астана» келесі матчын 7 желтоқсанда Мәскеуде МБА командасына қарсы өткізеді.