Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының матчында «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алды.

Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалы аясындағы Аргентина мен Аустралия құрамалары арасындағы матчта Лионель Месси үздік ойыншы атанды. Осылайша Лео әлем чемпионаттары матчтарында ең көп үздік ойыншы атағын жеңіп алған футболшы ретінде рекордты жаңартты.һ

Биылғы біріншілікте аргентиналық шабуылшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ширек финалда Аргентина Нидерланд құрамасымен ойнайды.