Алматылық клуб Польшаның Катовице қаласының «Силезиялық Метрополис» клубын 5:3 (1:0, 3:2, 1:1) есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Лорен Николсон, Алисия Уильямс, Роксана Руа және Андриана Марчес екі голдан соқты.

«Айсұлу» 11 кездесуден кейін 16 ұпаймен турнир кестесінің бесінші сатысында тұр. Бүгін осы командалар арасында екінші матч өтеді.