21 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Eurasian Fighting Promotion OCTAGON 38 Гранд финалдық турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты оқиғасы жеңіл салмақта чемпиондық жекпе-жек болмақ, онда жеңіліп көрмеген екі файтер – «қазақ Сехудосы» деген лақап аты бар Дамир Төленов (8-0) мен әзірбайжандық 21 жастағы Рояль Лейлизаде кездеседі.

Сондай-ақ турнирдің негізгі карды аясында жеңіл салмақта Сүндет Айтқұл (3-1) мен тәжірибелі өзбекстандық Хикматилло Абдуллаев (8-1-2) төбелеседі.