Лондондағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Тайсон Фьюри Дерек Чисораны техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 10-раундта аяқталды.

Боксшылар бұған дейін 2011 және 2014 жылдары кездескен. Бірінші айқаста Фьюри төрешілер шешімімен жеңіске жетсе, екіншісінде мерзімінен бұрын қарсыласын нокаутпен ұтты.