Алматылық «Қайрат» гамбиялық шабуылшы Момоду Сисеймен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Момоду Сисей Алматыға осыдан екі жыл бұрын келді. «Қайрат» сапындағы алғашқы матчында-ақ ұзын бойлы шабуылшы «Жетісудің» қақпасына дубль жасаған еді. Жалпы Сисей алматылық клуб сапында 46 кездесу өткізіп, 13 гол соққан болатын. 2014-ші жылы ауыр жарақат алып, ұзақ уақыт бойы емделді.

 

Өзінің соңғы ойынында гамбиялық шабуылшы қарағандылық «Шахтерге» гол соқты.    

 

«Қайрат» ФК ресми сайтынан