KAZsport телеарнасы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясындағы «Марибор»-«Астана» матчын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Аталмыш ойын шілденің 14-і Словенияның Марибор қаласында өтеді. Кездесу астана уақытымен сағат 00:30-да басталады. Қарымта ойын 21-ші шілде күніне жоспарланған.