Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы Квебекте (Канада) өткен төрт құрлық турнирінде екі жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Виталий Щиголев 5000 метр қашықтықта жеңіске жетті. Ол 6:22.815 нәтижесін көрсетті.

Надежда Морозова 3000 метрге жүгіруде 4:05.517 нәтижемен күміс медаль иеленді.