«Астана» футбол клубы белградтық «Партизанның» словениялық қорғаушысы Бранко Иличпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұған дейін 32-жастағы ойыншы сербиялық «Партизан», словениялық «Олимпия» мен «Домжале», испаниялық «Бетис», ресейлік «Москва» мен «Локомотив», кипрлік «Анортосис» және тель-авивтік «Хапоэльде» ойнаған. Сондай-ақ, Бранко Словения құрамасы сапында 57 кездесу өткізген.

«Астана» сапында Илич 33-ші нөмірмен өнер көрсетеді.

«Астанадан» ұсыныс келгенде Борут Семлерден Қазақстан туралы сұрай бастадым. Басқа да сербиялық ойыншылар Қазақстан жайлы жақсы пікірде болды. Чемпионат өте тартысты екенін айтты. Чемпиондар лигасы мен ел чемпионатында жоғары нәтиже көрсету үшін бар күшімді саламын», – деді Бранко Илич «Астананың» ресми сайтына.