Қазақстандық екі қазылар бригадасы УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу кезеңнің бірінші кезеңінде жұмыс істейді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Петропавлдық төреші Александр Гаузер Солигорск қаласында жергілікті «Шахтер» мен солтүстік ирландиялық «Гленавон» арасындағы ойында қызмет етеді. Оған қапталдан қостанайлық Санжар Ысқақов пен алматылық Александр Павлов көмектеседі. Қосалқы төреші қызылордалық Данияр Сахи.  

Алматылық Александр Алиев Бакудегі әзірбайжандық «Интер» мен албаниялық «Лячи» арасындағы кездесуде жұмыс істейді. Алиевке оның отандастары Сергей Васюткин мен Самат Тергеусізов көмектеседі. Қосалқы төреші – Денис Измайлов.

 

ҚФФ ресми сайтынан*