Алматыда өтетін OCTAGON 38 турнирінде тәжікстандық ММА файтері Камариддин «Камиль Каратэ» Хасанов (1-1) өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz

Оның қарсыласы ирандық Давуд Моадзени (1-0) болады.

Еске салайық, биыл тамыз айында OCTAGON промоушенінің 034 турниріндегі дебюттік жекпе-жегинде «Камиль Каратэ» қазақстандық Нұрғиса Ғалымжановтан (2:0) жеңіліп қалған болатын.

O38 ивентінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақ дивизионының чемпионы Дамир Төленов (8-0) 21 жастағы әзірбайжандық Роял Лейлизадемен (5-0) кездеседі.