29 қараша күні Астанада Норвегияның Аскер қаласында 11-17 желтоқсан аралығында өтетін 1А дивизиондағы әлем чемпионаты алдында хоккейден Қазақстан жастар құрамасының ОЖЖ басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚХФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Топ-дивизионға жолдама үшін біздің хоккейшілер Дания, Франция, Норвегия, Венгрия және Словения командаларымен тартысады. 3 желтоқсан күні команда жиындардың қорытынды кезеңіне Норвегияға аттанады, онда 8 желтоқсан күні Дания командасына қарсы бақылау матчын өткізеді.

Кеңейтілген құрамға 28 хоккейші – 25 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы кіреді. 10 желтоқсан күні бапкерлер штабы әлем чемпионатына аттанатын түбегейлі құрамды жария етеді.