Гандболдан Қазақстан құрамасы әйелдер арасында Оңтүстік Кореядағы Азия чемпионатының бесінші орны мен әлем чемпионатына жолдама алуға таласады, деп хабарлайды Prosports.kz.

5-8-орындар сарапқа салынатын плей-аут жартылай финалында қазақстандық гандболшылар Өзбекстан құрамасын жеңді – 30:28. Қазақстандықтар бірінші таймнан кейін екі доп айырмашылығымен алға шығып, матч соңына дейін басымдыығын ұстап тұрды.

Енді бесінші орын үшін 3 желтоқсанда Үндістанмен кездеседі.