Мәскеу соты Eagles MMA жауынгерлік клубтың құрылтайшысы, Fight Nights Global лигасының басшыларының бірі Зиявудин Магомедовті 19 жылға бас бостандығынан айырды.

Ол 2010-2016 жылдар аралығында салынған ірі нысандардың құрылысы кезінде ақша жымқырғаны үшін сотталып отыр. Футболдан әлем чемпионатына арнайы салынған «Арена Балтика» стадионы, «Храброво» әуежайы, Санкт-Петербургтегі Крестовский жасанды аралын жасау кезінде ірі көлемде қаржы ұрлаған.