Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Майада «Челленджер» сериясындағы турнирдің жұптық сынында ширек финалда жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финал жолдамасы сарапқа салынған матчта Евсеев пен украиналық Виталий Сачко жұбы польшалық дуэт Лукаш Кубот/Шимон Валковтан жеңіліп қалды - 4:6, 5:7.

Ойын 1 сағат, 26 минутқа созылды.

Фото: Андрей Ударцев