Мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс Португалия чемпионатына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл туралы испаниялық голкипердің агенті Карло Кутропия мәлім етті.

«Касильяс «Портуға» қуана қосылуға дайын. «Реал» осыған рұқсатын береді деп үміттенеміз», - деді Кутропия.

Естеріңізге сала кетсек, 34 жастағы қақпашы «Корольдік клубтың» негізгі құрамында 1999 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.