Контиолахтиде (Финляндия) биатлоннан Әлем Кубогының бірінші кезеңі басталды. Жарыс аясында 20 шақырымға ерлер арасында жеке жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан командасында үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Ол 71-ші орында. Александр Мухин 79-шы, Сергей Сирик 96-шы нәтиже көрсетті.

Швед Мартин Понсилуома жеңіске жетті. Екінші орын-Никлас Хартвиг (Швейцария). Үшінші орынды неміс Дэвид Зобель аяқтады.