Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Instagram-парақшасында жазды.

«Үздік танымал актер әрі ММА шебері Еркебулан Тоқтар Қазақстан атынан алғаш рет кәсіпқой бокстан дебют өткізеді. Тарихта болмаған DAZN профессионалдық шоу Алматыға келмек, еліміздің батылдығын көрсетеміз, достар», - деп жазды Тұраров.

Тоқтар бұған дейін ММА-де жекпе-жектер өткізіп жүрген. Еркебұлан Тоқтардың айтуынша, ол 11 желтоқсанда Алматыда алғаш рет рингке шығады.

Тоқтар кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың (25-0, 18 КО) кешінде сынға түседі. Актердің қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Жанқош Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен (11-5-1, 7 КО) титулды жекпе-жек өткізеді.