Тимофей Скатов Майяда (Португалия) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Maia Open турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші бірінші айналымда румыниялық Николас-Дэвид Ионельді үш сетте – 3:6, 7:6 (3), 7:5 есебімен ұтты.

Матч 3 сағат 21 минутқа созылды.