Жартылай орта салмақтағы UFC файтері Шавкат Рахмонов (16-0) Джефф Нилмен (15-4) алдағы кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ол мықты файтер. Соққысы ауыр. Рейтингте алтыншы орында тұрғаны бекер емес. Қазір меннен жоғары тұр. Жақсы сынақ болады», - деді қазақстандық спортшы.

Еске салайық, Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил арасындағы жекпе-жек 14 қаңтарда АҚШ-тағы UFC Fight Night 217 турнирінде өтеді.