Қазақстандық боксшы Али Ахмедов биыл қыркүйектегі жекпе-жегінен кейін Астанада жаттығуын қайта бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Боксшы жаттығу залында түскен суретін жариялап, «Біз бастаймыз!» деп жазды.

Айта кетейік, Ахметов Лас-Вегаста өткен бокс кешінде америкалық Габриэль Росадоны жеңіп, вакантты WBC Silver және IBF North American титулдарын жеңіп алған болатын.