«Тараз» клубының жартылайқорғаушысы Жақып Қожамберді «Астанаға» ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
Жақында Тәртіптік бақылау комитетінің шешімімен Қожамберді «Тобыл» - «Тараз» матчының төрешісіне былапыт сөздерді айтуына байланысты 7 матчқа ойыннан шеттетілген болатын. Осыған байланысты, жамбылдық команданың басшылығы ойыншымен арадағы келісімшартты бұзған еді.
Енді Тараз футболының түлегі елордалық «Астананың» намысын қорғайтын болады. Келісімшарт мерзімі 2,5 жыл.
Комментарии