«Астананың» басшылығы, бапкерлер құрамы және футболшылары Неманья Максимовичті әлем чемпонатындағы жеңіспен құттықтады, деп хабарлайды «PROСПОРТ»
 
«Астананың» жартылай қорғаушысы Неманья Максимович Жаңа Зеландияда өткен футбол бойынша U-20 әлем чемпионатында жеңіске келгеннен кейін командаға қайтып келді. Елордалық клубтың сербиялық легионерін әуежайда таңертен жанкүйерлері қарсы алып, кешке, жаттығудан кейін, Неманьяны клубтастары құттықтады.
 
«Астана Аренаның» киім шешетін бөлмесінде «Астана» ФК президенті Саян Хамитжанов құттықтау сөзін сөйледі. Бірінші басшы Максимовичке одан әрі сәттілік, атап айтқанда, Сербияның ұлттық құрамасының құрамында әлем чемпионы болуды тіледі. Саян Жаксыгельдиевич әлем чемпионына естелік құнды сыйлық берді. Сонымен қатар, Неманьяға гүлдер, Сербия жастар құрамасының жейдешесі түріндегі және Максимович әлем чемпионы атағын алған 8 нөмірі бар атаулы торт беріліп, конфетти бар шартылдақтардың дыбысымен командадағы серіктестері шапалақтады.
 
Неманьяны осындай қарсы алу және клубтастары берген сыйлықтар қуантып, барлығына алғыс білдірді. Ал, қысқа қарсы алудан кейін команда жұмысқа кірісті – ертеңнен кейінгі күні болатын жуырдағы матчқа дайындықты жалғастырып, мемлекет чемпионаты аясында қызылордалық «Қайсарды» қарсы алады. 
 
Дереккөз: «Астана» ФК ресми сайты