Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Майяда (Португалия) өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің іріктеу кезеңінде финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Евсеев румыниялық Влад Корнейден 6:1, 6:2 есебімен басым түсті.

Матч тура 50 минутқа созылды.

Келесі айналымда Евсеев өзбекстандық Денис Истоминмен кездеседі.