Катарда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп жазады Рrosports.kz.

Топтық кезеңнің екінші туры толық аяқталмаса да, чемпионатпен қоштасқан бір команда, плей-офф кезеңіне өткен бір құрама анықталды.

Атап айтқанда, А тобында бақ сынаған алаң иелері Экватор (0:2) мен Сенегалға (1:3) жол беріп, 1/8 финалға шығу мүмкіндігінен ерте айырылды.

Ал D тобында өнер көрсеткен Франция футболшылары Аустралия (4:1) мен Данияны (2:1) жеңіп, турнирдің плей-офф сатысына жолдама алды.

Назарларыңызға чемпионатқа қатысып жатқан 32 құраманың бас бапкері қанша жалақы алатынын ұсынамыз.

Шетелдік басылымдар жинақтаған мәліметке сүйенсек, әлем чемпионы атануға таласатын 32 бапкердің ішінде ең көп табыс табатын Ханс-Дитер Флик екен. Германия құрамасын жаттықтыратын 57 жастағы маман жылына 6,5 млн еуро алады. Ал ең аз жалақы Тунис бапкеріне төленеді. Джалель Кадри мырза жылына бар болғаны 130 мың еуро алады.

Әлем чемпионатына қатысып жатқан 32 құраманың бас бапкері алатын жалақы мөлшері:

Ханс-Дитер Флик, 57 жас (Германия құрамасы) — € 6,5 млнГарет Саутгейт, 52 жас (Англия) — € 5,8 млнДидье Дешам, 54 жас (Франция) — € 3,8 млнТите, 61 жас (Бразилия) — € 3,6 млнЛуи ван Гал, 71 жас (Нидерланды) — € 2,9 млнХерардо Мартино, 59 жас (Мексика) — € 2,9 млнЛионель Скалони, 44 жас (Аргентина) — € 2,6 млнФеликс Санчес Бас, 46 жас (Катар) — € 2,4 млнФернанду Сантуш, 68 жас (Португалия) — € 2,25 млнМурат Якин, 48 жас (Швейцария) — € 1,6 млнПаулу Бенту, 53 жас (Оңтүстік Корея) — € 1,3 млнГрэм Арнольд, 59 жас (Аустралия) — € 1,3 млнГрегг Берхалтер, 49 жас (АҚШ) — € 1,25 млнРоберто Мартинес, 49 жас (Бельгия) — € 1,2 млнКаспер Юльманн, 50 жас (Дания) — € 1,15 млнЛуис Энрике, 52 жас (Испания) — € 1,15 млнЭрве Ренар, 54 жас (Сауд Арабиясы) — € 1,1 млнХадзимэ Мориясу, 54 жас (Жапония) — € 1,05 млнКарлуш Кейруш, 69 жас (Иран) — € 900 мыңДиего Алонсо, 47 жас (Уругвай) — € 860 мыңГуставо Альфаро, 60 жас (Эквадор) — € 770 мыңВалид Реграги, 47 жас (Марокко) — € 720 мыңДраган Стойкович, 57 жас (Сербия) — € 650 мыңЗлатко Далич, 55 жас (Хорватия) — € 550 мыңЧеслав Михневич, 52 жас (Польша) — € 500 мыңДжон Хердман, 47 жас (Канада) — € 480 мыңРоб Пейдж, 48 жас (Уэльс) — € 380 мыңЛуис Суарес, 62 жас (Коста-Рика) — € 350 мыңРигобер Сонг, 46 жас (Камерун) — € 340 мыңАлиу Сиссе, 46 жас (Сенегал) — € 310 мыңОтто Аддо, 47 жас (Гана) — € 150 мыңДжалель Кадри, 50 жас (Тунис) — € 130 мың.