Хосе Сепеда (35-2, 27 КО) мен Регис Прогрейс (27-1, 23 КО) Калифорния штатының Карсон қаласында жартылай орта салмақтағы бос WBC титулы үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Он бірінші раундта Регис шешуші шабуылға шығып, қарсыласын сабап тастады. Төреші Рэй Корона жекпе-жекті 0:59-да тоқтатты.

Осылай Регис жартылай орта салмақтағы титулға қол жеткізді.