Белгілі қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (4-2) бұрынғы қарсыласы өзбекстандық Одилхон Камоловтың (3-1) батыл мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz OCTAGON баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ол Еркебұланды тағы сабағысы келетінін айтты. Одилхон, мықтылығынды көрсет, тек қашып кетпе!

Әдемі шоу жасайық. Содан кейін мен үйге қайтамын, сен ауруханадан бір-ақ шығасын», - деді Тоқтар.

Еске салайық, OCTAGON 37 турнирінде қазақстандық «Жакстан» мерзімінен бұрын жеңіліп қалған өзбекстандық файтер Тоқтарды реваншқа шақырып, оны әлсіз деп атады:

«OCTAGON-дағы спортшылар өте мықты, бәрі біледі. Әлсіз Еркебұланды маған беріңіздер. Екінші рет көкесін танытайын, - деп мәлімдеген еді Камолов.

OCTAGON 33 шарасы аясындағы жекпе-жекте Тоқтар Камоловтан жеңіліп қалған еді.

OCTAGON 38 турнирі 21 желтоқсанда Алматыда өтеді.