27 қарашада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан гандболдан әйелдер арасындағы 19-шы Азия чемпионатының топтық кезеңінде үшінші ойынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық гандболшылардың қарсыласы бірінші айналымда жапон құрамасынан 9:44 есебімен ұтылып қалған Тайланд құрамасы болмақ.

Қазақстан құрамасы екі кездесу өткізді – Қытай (26:28) және Гонконг (28:24) құрамаларымен.

Инчхоннан тікелей эфир Астана уақытымен 15:00-де басталады.