Қазақстандық Михаил Кукушкин Италияның Андрия қаласында өтіп жатқан турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық турнирдің жартылай финалында венгриялық Мартон Фуковичті 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 18 минутқа созылды.