«Қайрат» футбол клубын бастап екі рет УЕФА кубогын жеңіп алған маман Рикардо Собрал Какау футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінің соңғы матчы алдында алматылық командаға қолдау білдірді, деп жазады Prosports.kz.

- «Қайрат біздің құрметімізге лайық және оның бұдан да мықты болып оралатынына күмәнім жоқ. Alga Kairat», - деп жазды бразилиялық маман Instagram желісіндегі «Футзал Казахстан» парақшасында жазбалардың біріне.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінің алғашқы екі турында «Қайрат» АФК мальталық «Луксол Сент-Эндрюспен» (0:0) тең ойнап, чехиялық «Хрудимге» 1:2 есебімен есе жіберді. С тобындағы соңғы турда «Қайрат» Балуан Шолақ атындағы Алматы спорт сарайында португалиялық «Бенфикамен» кездеседі, ойын Алматы уақытымен 21:00-де басталады.