26 қарашада Бали аралында (Индонезия) аралас жекпе-жектен Brave CF 66 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің негізгі жекпе-жегінде қазақстандық Асу Алмабаев (16-2) өнер көрсетеді.

Алмабаевтың қарсыласы Бахрейн өкілі Магомед Идрисов (7-0) болуы керек еді, бірақ ол жекпе-жектен бас тартты. Енді жерлесіміз лига дебютанты филиппиндік Кеннет Манингатпен (1:0) кездеседі.

Brave CF 66 турнирінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен 15:30-да басталады.

Турнирдің толық карды мен кештің бүкіл әлемдік трансляциясы туралы ақпаратты төмендегі терезелерден табуға болады.