Қазақстан Премьер-Лигасының 19-шы турында «Ақтөбе» өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдап, 4:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ»
 
Алғашқы голды күтпеген жерден қонақтар соқты. «Оқжетпес» сапынан Сақалбаев керемет соққы жасап, есепті ашты.  Таразы басын екінші таймда Коробкин теңестірді. Неконың соққысынан кейін, екінші леппен допқа жеткен «Ақтөбе» капитаны Цирин қорғаған қақападан саңылау таба білді. Бірер минут өтісімен Хижниченко командасын есепте алға шығарды. Қазақстан құрамасының шабуылшысы допты бірден иелек жасай алмай, екінші мүмкіндігінен үшінші голды соқты. 15 минут өткеннен кейін сол Хижа дубль авторы атанса, негізгі уақыт аяқталуға 5 минут қалғанда үшінші голын соғып, хет-трик жасады. 
 
 
Қазақстан чемпионаты, 19-шы тур
«Ақтөбе» - «Оқжетпес» 4:2 (0:1)
Голдар: Коробкин 48, Хижниченко 50, 65, 84 – Сахалбаев 20, Роткович 67
«Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Дмитренко, Дяк (Данило 73), Жалмукан (Аймбетов 63), Жулпа, Коробкин, Левин, Тағыберген, Неко, Хижниченко.
«Оқжетпес»: Цирин, Крюков, Смейкал, Түлиев, Чижов (Роткович 52), Волков, Сахалбаев (Мангуткин 66), Хохлов, Цветкович, Чертов, Гридин.       
Төрешілер: Акмалхан Холматов, Илашбек Орунбаев, Серик Кошкаров
5 шілде 2015 жыл, Ақтөбе, ОДЮШОР № 8.