Дортмундтық «Боруссия» шабуылшысы Себастьян Аллерге екінші ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Екінші операция сәтті өтті! Медицина қызметкерлеріне күнделікті көмектері үшін рақмет. Оңалтуды асыға күтіп жүрмін», - деп жазды Аллер Twitter-де.

28 жастағы футболшы былтыр жазда «Аякстан» дортмундтық «Боруссияға» 35 миллион еуроға ауысқан болатын. Шілдеде ойыншыға қатерлі ісік диагнозы қойылып, ота жасалған.