Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Йокаитиде өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің екінші айналымындағы кездесуден бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз жапониялық Юсуке Ватанукиге қарсы кездесу 0:6, 1:4 болып тұрған кезде ойынды жалғастырудан бас тартты. Кездесу бар болғаны 45 минутқа созылды.
Айта кетейік, Бейбіт бірінші айналымда жапониялық Юта Шимизуды 6:1, 6:4 есебімен ұтқан болатын.
Комментарии