«Црвены Звезданың» шабуылшысы Джордже Деспотович алматылық «Қайратқа» ауысуы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бұл туралы mondo.rs басылымы жазады. 23-жасар шабуылшы қазіргі таңда «Жетісу» сапында жалға берілген. 17 ойынға қатысып, 5 мәрте кзге түскен.
 
Алматылық «Қайрат» клубы ойыншыны жалға алып, мерзім аяқталысымен сатып алу құқығымен келісімшартты ұсынды. 
 
Айта кетейік, алматылық ұжым мен сербиялық «Црвена Звезда» Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде қарсылас атанған болатын. Бірінші ойында «Қайрат» сырт алаңда 2:0 есебімен жеңіске жетті.