Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария Чили командасынан Америка кубогының финалындағы жеңілістен кейін ойын туралы пікірін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасадық. Рохо қарсыласты жазалауға жақын болған. Бізге тағы да санаулы сәт жетпей қалды. Өте өкінішті. Чили құрамасы турнирді тамаша өткізді, ал пенальти – бұл қашан да лотерея», - деді Ди Мария.