ПСЖ қожайыны және президенті Насер Аль-Хелаифи клубты сату туралы ұсыныстан бас тартқанын, бірақ оның кішкене бөлігін сатуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«4 миллиард еуродан астам қаржы ұсынды. Клубты толығымен сатпаймыз, бірақ аз пайызын неге сатпауға? Біз әртүрлі ұсыныстарды ойлап жатырмыз», - деді Насер Аль-Хелаифи.