Ақтөбеде өтіп жатқан NAIZA 48 турнирінде қазақстандық файтер Дастан Амангелді (4-0) жеңіске жетті.

Қазақстандық Дастан Амангелді мен Елжан Алиасқар арасындағы жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

Осылайша, Дастан Амангелді Naiza лигасы Гран-приінің финалына шықты. Ол титулдық жекпе-жектің жолдамасы ойнатылатын кездесуде Сұлтан Жолдошбекпен айқасады.