Футболдан Германия құрамасы мен лондондық «Арсеналдың» шабуылшысы Лукас Подольски келес маусымда түріктің «Галатасарай» командасында өнер көрсетеді.
 
Жақында форвард Ыстамбұлда медициналық тексерістен өтіп, Түркияға біржолата көшіп келеді. Клубтың ресми сайты қазір келіссөздер соңғы кезеңнен өтіп жатқандығын айтуда. Германияның тәжірибелі шабуылшысы үшін «Галатасарай» 4 миллион еуроға төлеуге дайын. Сонымен қатар түрік футбол клубы Подольскимен 4 жылға келісімшартқа отырып, маусым сайын оған 2 млн еуродан төлемек.