Бүгін Ақтөбеде қазақстандық Naiza промоушенінің кезекті турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде 53 келіге дейінгі салмақтағы Naiza 48 белбеуі үшін жекпе-жекте қазақстандық Қазбек «Флеш» Сағын ұлыбританиялық Джон Шинкпен (4-1) кездеседі. Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде Елжан Әлиасқар (9-3) пен Дастан Амангелді (4-0) 61 келіге дейінгі салмақта Grand Prix Naiza-ға жолдаманы сарапқа салады.

Турнирде астрахандық қазақ Серік Разғалиевтің (8-1) өзбекстандық Фарходжон Машраповқа, Жұман Жұмабековтың (12-5) Кю Сунг Кимге (11-5) және Бағдат Жұбаныштың (1-0) Нематулла Исламидин Уулуна қарсы жекпе-жектері өтеді.

Кештің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.