Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өз айдынында матч өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» араға сегіз күн салып «Салават Юлаевпен» қайта кездеседі. Уфада Андрей Скабелка шәкірттері 2:0 есебімен жеңген. Бірақ артынша «Автомобилист» (0:2) пен «Амурдан» (1:3) жеңіліп қалған еді.

Елордалық команда Шығыс конференциясында 28 ұпаймен плэй-офф кезеңіне кіре алмай тұр. «Салават Юлаев» қатарынан төрт матч жеңіліп келе жатыр. Кейінгі матчында «Сибирьге» (1:2) жол берген.

Астанадағы командалардың осы маусымдағы үшінші матчы болады, 29 қазанда Уфада «Салават Юлаев» (5:1) сенімді жеңген болатын.

Бүгінгі кездесу жергілікті уақытпен 19:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. Тікелей трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Фото: Барыс ХК